2026 жылға арналған СӨС мәселелері бойынша медиа-жоспар
ХҚТУ КДО басшысы бекіткен салауатты өмір салты бойынша іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу жоспары: 45 іс-шара — телебағдарламалар мен мамандардың сұхбаттары, дүниежүзілік денсаулық күндеріне арналған жарияланымдар, әлеуметтік желілердегі аурулардың алдын алу, скрининг және вакцинация туралы материалдар.
Күніне кемінде 400 г көкөніс пен жеміс, тұз — 5 г-нан аспауы керек (бір шай қасық). Қант, майлы және қуырылған тағамды азайтып, көбірек су ішіңіз.
Дене белсенділігі
Ересектерге — аптасына кемінде 150 минут орташа жүктеме: жылдам жүру, жүзу, велосипед. Балаларға — күн сайын кемінде 60 минут белсенділік.
Темекі мен алкогольден бас тарту
Темекі шегу, соның ішінде электрондық темекі мен вейптер, обыр, инфаркт және инсульт қаупін арттырады. Бас тартуға ешқашан кеш емес — дәрігер тәсілін табуға көмектеседі.
Қан қысымын бақылау
Артериялық қысымды үнемі өлшеп тұрыңыз. 140/90 мм с.б. және одан жоғары көрсеткіш — дәрігерге қаралуға себеп.
Қант және салмақ
Дене салмағы мен бел шеңберін бақылаңыз. 40 жастан кейін тегін скрининг аясында қандағы глюкоза деңгейін тексеріңіз.
Ұйқы және демалыс
Ересектерге 7–9 сағат ұйқы қажет. Күн тәртібін сақтап, жұмыс пен демалысты алмастырып, серуендеуге және жақындарыңызбен араласуға уақыт табыңыз.
Ұлттық күнтізбе бойынша екпелер балалар мен ересектерді қауіпті жұқпалы аурулардан қорғайды.
Қауіпті белгілер — кеудедегі қатты ауырсыну, қол не аяқтың кенеттен әлсіреуі, сөйлеудің бұзылуы, бет әлпетінің қисаюы. Күтпеңіз: бірден 103 нөмірі бойынша жедел жәрдем шақырыңыз.
Денсаулық мектебі
Орталық мамандары салауатты өмір салты және аурулардың алдын алу бойынша әңгімелер мен кеңестер өткізеді. Толығырақ тіркеу бөлімінің телефондары арқылы біле аласыз: +7 (702) 227-85-85, +7 (725) 336-36-14