ОРТАЛЫҚ ТУРАЛЫ

Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ ғимараты

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Клиника-диагностикалық орталығы — Түркістан қаласындағы заманауи медициналық мекеме. Орталық университет базасында құрылған және клиникалық тәжірибені жоғары оқу орнының ғылыми әрі білім беру әлеуетімен ұштастырады.

Ахмет Ясауи университетінің клиника-диагностикалық орталығы дамыған Еуропа елдеріндегі медициналық оқу орындарының үлгісін ала отырып, медицина факультетінің жаңа заманауи клиника-диагностикалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген мықты тәжірибелік базасы ретінде ашылған. Мұнда медицина факультетінің студенттері мен түлектері жұмыс істейді. Бұл — Қазақстанда ең алғаш университет жанынан ашылған және облыс бойынша заманауи жабдықтармен жан-жақты жабдықталған клиникалардың бірі.

Біз ересектер мен балаларға консультативтік және диагностикалық көмек көрсетеміз: бейінді мамандардың қабылдауы, зертханалық зерттеулер, ультрадыбыстық, функционалдық және эндоскопиялық диагностика.

  • 179төсек — жалпы төсек қоры
  • 87дәрігер
  • 219орта медициналық қызметкер
  • 22 100тіркелген халық
  • 12 224м² аумақ ауданы

Клиника тарихы

  1. 2000–2006

    Клиника-диагностикалық орталығының құрылысы.

  2. 2008 жылғы 1 желтоқсан

    Технологияның ең соңғы құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген емхана жұмысын бастады.

  3. 2009 жылғы 15 қаңтар

    Стационар бойынша қызмет ете бастады.

  4. 2017 жылғы 8 желтоқсан

    Мекеме І санатпен үш жылға аккредиттелді.

  5. 2020

    COVID-19 пандемиясы кезінде 63 медицина қызметкері Кентау тас жолындағы блок-постқа қызмет көрсетті, 2020 жылдың мамырында провизорлық бөлімше ашылып, онда 200 науқас ем алды.

  6. Бүгін

    Орталық базасында «Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығы» ЖШС-нің «Cardio-Turkestan» филиалы жұмыс істейді.

13 223 м²жалпы жабық аумағы
12 224 м²ашық аумақ: автопарк және бау-бақша алаңы

Миссия және құндылықтар

Халықаралық ғылым мен тәжірибені ұштастыра отырып, заманауи жоғары технологиялық медициналық жабдықтарды қолданып, халыққа мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмекті қамтамасыз ету.

Клиника құндылықтары

  • Әрбір адамның денсаулығы мен өмірі
  • Ұжым қызметкерлері
  • Рухани жаңғыру
  • Кәсібилік
  • Инновациялық
  • Парасаттылық

Клиника негізгі үш бағытта қызмет көрсетеді

Медициналық қызмет көрсету
Медицина факультетінің студенттерін даярлау
Дипломнан кейінгі дәрігерлік даярлық

Ұжым

Клиника штаттық бірлігі

Дәрігерлер87
Орта медициналық қызметкерлер (мейіргерлер, лаборанттар, фармацевттер)219
Кіші қызметкерлер73
Әкімшілік-шаруашылық персонал50
Барлығы429

Клиника дәрігерлері

  • 3профессор
  • 2PhD докторы
  • 10медицина ғылымдарының кандидаты
  • 5магистр
  • 16жоғары санатты дәрігер
  • 18бірінші санатты дәрігер
  • 9резидент

Шет елде біліктілігін арттырған дәрігерлер

  • Түркия, Анкара қ. — Гази университеті13
  • Түркия, Анкара қ. — Хажеттепе университеті7
  • Түркия, Анкара қ. — Йылдырым Баязит университеті3
  • Түркия, Анкара қ. — Гүлхане әскери медициналық академиясы2
  • Түркия, Анкара қ. — КОРУ ауруханасы1
  • Түркия, Стамбул — TİKA бағдарламасы бойынша1

Шет елде біліктілігін арттырған мейіргерлер

  • Түркия, Қырыққале — жоғары аурухана2
  • Түркия, Анкара — Гази университеті ауруханасы1
  • Ресей, Қазан — Жоғары медициналық технологиялар білім беру орталығы1
  • 22 100тіркелген халық
  • 4 178тіркелген студент
  • 335тіркелген қызметкер
  • 2 770шетелдік студент медициналық көмек алды
  • 23 5752015–2019 жж. «еркін тіркелу» науқанында тіркелді

Төсек қоры — 179 төсек

  • 117стационардағы төсек
  • 135кардиоорталықпен бірге төсек
  • 179қабылдау бөлімі, диализ және күндізгі стационармен бірге төсек

Хирургиялық көмек үшін үш операциялық, интервенциялық кардиологиялық және неврологиялық араласулар үшін ангиография залы жұмыс істейді.

Бөлімдер

СТАЦИОНАР

  • Хирургия бөлімі
  • Травматология бөлімі
  • Терапия бөлімі
  • Реанимация бөлімі
  • Қарқынды терапия бөлімі
  • Гемодиализ бөлімі
  • Ерте оңалту бөлімі
  • Қайта қалпына келтіру және медициналық реабилитация бөлімі
  • Патоморфологиялық қызмет
  • Дәріхана

ЕМХАНА

  • Жалпы тәжірибелік бөлім
  • Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімі
  • Лабораториялық-диагностикалық бөлім
  • Арнайы мамандандырылған көмек бөлімі
  • Шұғыл медициналық көмек бөлімі
  • Емхана бойынша ақылы қызмет көрсету бөлімі

Гемодиализ орталығы

Соңғы үлгідегі гемодиализ орталығы жұмыс жасайды.

Инсульт орталығы

Инсульт орталығы жұмыс атқарады, онда инсульттан кейін оңалту маңызды орын алады.

Жедел медициналық көмек

IV жеделділік санатындағы фельдшерлік және мамандандырылған жедел медициналық көмек бригадасы жұмыс атқарады.

TRIAGE жүйесі

Қабылдау бөлімі 3H «TRIAGE» жүйесімен жұмыс істейді: мейіргер пациенттің жағдайын 60 секундтан аспай бағалап, білегіне іріктеу санатының түсімен бирка байлайды.

КМИС ақпараттық жүйесі

Науқастарды тіркеу автоматтандырылған, медициналық құжаттар қағазбастылықты азайту мақсатында «КМИС» ақпараттық жүйесі арқылы рәсімделеді.

Cardio-Turkestan

Орталықта «Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығы» ЖШС-нің «Cardio-Turkestan» филиалы ашылды.

Клиника заманауи аппараттары

  • Мультислайсты (6 детекторлы) Siemens компьютерлік томографы
  • Магнитті-резонанстық томограф
  • Флюорографиялық және рентген аппараттары
  • УДЗ аппараттары
  • Бейнеэндоскопия (ЭФГДС)
  • Биохимиялық және гематологиялық анализаторлар

Лицензиялар және аккредиттеу

Толық өлшемде ашу