АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ

Медициналық көмектің сапасы бойынша шағымдар, ұсыныстар мен алғыстар

Біз әрбір пациенттің пікірін бағалаймыз. Сіздің пікірлеріңіз медициналық көмектің сапасын жақсартуға көмектеседі.

Онлайн өтініш

Төмендегі форманы толтырыңыз — өтініш орталықтың электрондық поштасына түседі

Call-орталық

+7 (702) 227-85-85 нөміріне қоңырау шалыңыз

Басшылықтың қабылдауы

Азаматтарды жеке қабылдау — тіркеу бөлімінде алдын ала жазылу бойынша

eOtinish

Мемлекеттік органдар мен ұйымдарға өтініш жіберудің ресми платформасы

1406 байланыс орталығы

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры — МӘМС және ТМККК мәселелері

Жазбаша

Түркістан облысы, Түркістан қ., Б.Саттарханов к-сі, 29

Пациенттерді қолдау және қызметтер сапасын бақылау бөлімі

  • Накипова Жанат Жанболатқызыбөлім басшысы, қоғамдық денсаулық сақтау маманы
  • Байхадамова Марал Махмутовнадәрігер-сарапшы
  • Пернебай Жанар Пернебайқызыдәрігер-сарапшы

3 қабат, 337 бөлме

Қарау тәртібі

  • Әрбір өтініш тіркеліп, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген мерзімде қаралады.
  • Жауап өтініш берушіге телефон, электрондық пошта арқылы немесе жазбаша жіберіледі.
  • Атыңыз бен байланыс телефоныңызды көрсетіңіз — оларсыз сізбен байланыса алмаймыз.
  • Өтініштер тек медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін пайдаланылады; дербес деректер үшінші тұлғаларға берілмейді.

ПАЦИЕНТТЕРДІҢ АЛҒЫСТАРЫ

Бас дәрігердің атына келген алғыс хаттардан.

Мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы клиниканың травматология бөлімінде 8 күн жатып ем алдым. Дәрігерлерге алғысымды білдіремін: Ділшат, Алмасбек, Д. Абылай, Ерден, Ақылбектерге көп-көп рахмет! Мейірбикелер Зульфия, Мақпал, Үмида, Аружан, Дана — осы кісілерге көңілім толды. Жалпы қызметкерлерге де алғыс айтамын. Білімді-білікті осындай азаматтар көп болсын. Алғысым шексіз, сіздерге рахмет!
Фатима Т., травматология бөлімінің пациенті · 20.01.2026
Мен травматология бөлімінде жатқан науқаспын. Бұл жерде емделіп жатқанымда маған жақсы қараған дәрігерлер мен мейірбикелерге алғысым шексіз, атап айтқанда дәрігерлер Ахметов Алмасбек, Ақылбек, Ерден, Абылайға, аға мейірбике Зульфияға, мейірбикелер Мақпал, Үмида, Дана, Аружанға алғыс айтамын. Жұмыстарыңыз табысты болып, жемісін көре беріңіздер. Денеңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін.
Айткүл Р., травматология бөлімінің пациенті
Сәлеметсіздер ме, емхана қызметкерлері! Сіздерге үлкен рахметімді айтып кеткім келіп отыр. Әсіресе терапия бөлімінің меңгерушісіне, медбикелері мен санитаркаларына алғысым шексіз. Пациенттің жанында жүріп, мейірімді сөздеріңізбен емдегендеріңізге басымды иемін. Нигора доктор, Сізге де алғысым шексіз — өте керемет ем алдым. Сіздерге, ұжымдарыңызға денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Осындай науқастардың жанынан табылып, күндіз-түні мейірімділіктеріңізбен емдей беріңіздер.
Дана А., Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы

ӨТІНІШ ҚАЛДЫРУ