БӨЛІМШЕЛЕР

Хирургия бөлімі

Жоспарлы және шұғыл хирургия, урология, оториноларингология және балалар хирургиясы: кеңес, ота және отадан кейінгі бақылау.
Бөлім меңгерушісі: Шаймерденов Лесхан Абдижаппарович

Сәулелі диагностика бөлімі

КТ тәулік бойы (24/7), рентгенография, флюорография және ультрадыбыстық диагностика.
Бөлім меңгерушісі: Иманкулова Раушан Гайбуллаевна

Терапия бөлімі

Ішкі ағзалар ауруларын диагностикалау және емдеу: терапия, гастроэнтерология, кардиология, эндокринология, ревматология.
Бөлім меңгерушісі: Асқарова Салтанат Сейілбековна

Травматология бөлімі

Травматология және ортопедия, эндопротездеу және артроскопия, нейрохирургия, қан тамыр хирургиясы және офтальмология.
Бөлім меңгерушісі: Ахаев Куатбек Сейдиллаевич

Анестезиология және қарқынды терапия бөлімі

Оталарды анестезиологиялық қамтамасыз ету (жалпы, көктамыр ішілік наркоз, жұлын анестезиясы, седация) және қарқынды терапия.
Бөлім меңгерушісі: Кузжанов Бақтыбай Турсынбайұлы

Ересектерге арналған медициналық оңалту бөлімі

Ересектерді қалпына келтіру емі: кинезотерапия, механотерапия, физиотерапия және массаж.
Бөлім меңгерушісі: Абубакирова Гузал Раимжанқызы

Ерте оңалту бөлімі

Инсульттан, жарақаттан және отадан кейінгі ерте неврологиялық оңалту, логопедпен сабақтар.
Бөлім меңгерушісі: Тутаева Айгерим Айтбаевна

Жарақат бекеті

Жарақат кезіндегі шұғыл көмек: сынықтарды орнына салу, гипс, таңу, тігісті алу, бөгде заттарды алып тастау.
Бөлім меңгерушісі: Ажибаев Абылайхан Зулпихарулы

Қабылдау бөлімі

Пациенттерді қабылдау және алғашқы тексеру, ауруханаға жатқызуға және тексеруге жолдама.
Бөлім меңгерушісі: Марат Нұр Маратқызы

Амбулаторлық диализ бөлімі

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге бағдарламалық гемодиализ, нефролог кеңесі.
Бөлім меңгерушісі: Мирзаев Фуркат Зиявиддинович