Орталық сайтында жаңа бөлімдер ашылды

Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ Клиника-диагностикалық орталығының ресми сайтында жаңа бөлімдер ашылды. «Директор блогында» орталық басшысының үндеуін оқып, оған сұрақ қоюға болады. «Азаматтардың өтініштері» бөлімінде шағымдар, ұсыныстар мен алғыстар қабылданады. «Салауатты өмір салты» бөлімінде аурулардың алдын алу жөніндегі жадынамалар жинақталған. Сондай-ақ «Бос жұмыс орындары» беті пайда болды, ал басты беттегі құжаттар блогында бұйрықтар тізбесі жарияланды. Орталық жаңалықтарын Instagram-да да қадағалаңыз: @yasawi_clinic.

Пікір қалдыру

Сіздің email мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер белгіленген *